Программист дауыстап бұйрық беру арқылы шай қайнатуды ойлап тапты
Ұлыбританияда Марк Риттман атты деректерді енгізуші программистің басы әбден қатты. Себебі әдетте компьютердің құлағында ойнайтын ол, бұл жолы техниканың тілін таба алмай, біраз тер төккен.
Оқиға Марк қайнатып, шай ішкісі келген шәйнектен басталды. Бірақ, ол бір шәйнекті қайнатамын деп, он бір самаурын қайнатуға болатын уақытын кетірді, деп хабарлайды The Guardian.
Сөйтсе, оның шәйнегі қарапайым емес, уай-фай кіріктірілген және ең озық технология бойынша жасалған болып шықты. Осының салдарынан шәйнек электр тоғына қосылып болмаған. Себебі бұл үшін оған дауыспен бұйрық беру керек екен. Жарты күн бойы шәйнекті баптаған британдық ақыры 11 сағат өткен кезде құрылғының оның дауыстап берген бұйрығына жауап ретінде қайнай бастағанын көріп, көңілі жай тапқан. Риттман бұл туралы твиттерге жазып, желідегі қауыммен өзі тап келген «қиындығы» туралы бөлісіпті.
Жіберіп алмаңыз:
Қырғыз азаматы 777 көлік нөмірін 1 миллион 716 мың сомға сатып алды
Ғаламторда тағы бір жұмбақ-есеп желі қолданушылардың басын қатырды (фото)
Мәскеуде жас жұбайлар мейрамханада той жасап, ақысын төлемей қашып кеткен
Бет пішініңізге сай көзілдірікті қалай таңдау керек (фото)
Депутат: Түнде мешіттен айтылған азан дауысы адамдардың ұйқысына кедергі келтіреді (видео)