Профессор коронавирустан айыққаннан кейін де аурудың белгілері кетпегеніне шағымданды
Англияның Ливерпуль қаласының тұрғыны екі ай бұрын коронавируспен ауырып, әлі күнге дейін біртүрлі белгілерден зардап шегетінін айтты. Бұл Liverpool Echo басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ливерпуль тропикалық медицина мектебінің 64 жастағы профессор-эпидемиологы Пол Гарнердің әрқашан денсаулығы мықты болған, көп жүгіріп, йогамен айналысты.
19 наурызда Гарнер жұмыста болды және COVID-19 туралы брифингті тыңдады. Ол жөтел мен температурасы болмаса да өзін жайсыз сезінген. Брифингте сөз алған спикер үш күнде жұқтырғандардың саны екі есеге артқанын және оғаш белгілері бар адамдар үйге бару керек екенін айтқан. Гарнер бұл ұсынысты орындады.
Бірнеше күннен кейін оның жағдайы нашарлады: жөтел, қатты бас ауруы болды. Бұл белгілер бірнеше апта бойы біресе жоғалып, біресе қайта пайда болған. Аурудың 20-шы күні Гарнердің досы — жалпы практика дәрігері лимфома бар деп болжап, оған қан анализін тапсыруды ұсынды. Белгілі болғандай, ол коронавирус жұқтырған екен.
60 күн ауырғаннан кейін Гарнер тағы бір коронавирусты анықтайтын тест тапсырған, нәтижесі теріс болды. Алайда, аурудың белгілері басталғаннан үш ай өткен соң да кетпеген.
"Бұл сұмдық. Үш айдан бері өзімді нашар сезінемін. Әлсіздік бар. Жақында бес шақырым жүрдім, ал келесі күні төсектен тұра алмадым. Тым көп жұмыс істесем, шаршаймын. Бұл қанша уақытқа созылатынын білмеймін, бірақ ол бірнеше апта, мүмкін айлар болады. Кейбір адамдарда ұзақ жылдар бойы созылмалы шаршау синдромы болады", - деді ол.
Профессор жақын арада физикалық жаттығуларға оралуға үміттенетінін атап өтті.