Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Профессор: Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы енді жақсармайды

Астанадағы Ұлттық ана мен бала орталығына шеберлік сыныбын өткізуге келген ресейлік профессор Сергей Царенко Ақтауда зорланған бүлдіршіннің денсаулығы туралы да айтты.

954492

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

Ана мен бала орталығына белгілі профессор бірінші рет келіп отырған жоқ. Ол биылғы жылы қазақстандық әріптестеріне халықаралық технологияларды енгізу бойынша ғылыми-тәжірибелік көмек көрсетпек.

“Мен жағдайы қиын емделушілерді қарап шықтым, оның ішінде ақтаулық қыз да бар. Әке ретінде бұл жағдай менің де жаныма ауыр тиді. Дегенмен, дәрігер ретінде айтар болсам, жағдай жақсы жаққа қарай өзгермейді. Барынша жоғарғы деңгейде жасалды. Мен қазақстандық әріптестеріме ауызша түсіндірдім. Мәскеулік және шетелдік дәрігерлер де бұл қыздың денсаулығына қатысты қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда оны құтқарып қалатындай көмек болмады. Қорытындысында қыздың жағдайын жақсартуға қатысты жағымды болжам айта алмаймыз”, – деді Царенко.

Дәрігер Қазақстанда Ресейдегідей ми өлімі адам өлімімен теңестірілетіндей заң жоқ дейді.

“Үнемі мидың өлімі адам өлімімен теңестіріледі. Оның әлі қанша уақытта жансақтау бөлімінде жататыны белгісіз, бірақ бұдан әрі жағдайы жақсармайды. Бүлдіршін өлді деп айта беруге болады”, – деп хабарлады маман.

“Біз оған дәрі жеткізіп тұрған аппараттан ажыратпаймыз. Соншалықты үмітсіз болғанымызға қарамастан біз оған максималды жағдай жасамақпыз. Әйтседе оның миының қайтарымсыз процеске келіп тірелгенін түсінуге тиіспіз”, – деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз:

Қымыздың сіз білмейтін сырлары

Ғалымдар әйелдер мен ерлердің миынан жаңа айырмашылықтар тапты

Көз көруін сақтау және көз күтіміне арналған кеңестер

Шариғатта шарапты шипа үшін ішуге бола ма

Талқылау