“Желіде” фильмінде Мәдиев пен Әзімбаеваның қатысуымен төсек қатынасы көрсетілмек
«Желіде» атты кинотуындының сценарисі әрі продюсері, қазақстандық тележүргізуші Екатерина Краснова фильм жайлы қысқаша үзінді айта кетті.
Продюсер желідегі парақшасында фильм түсіріп жатқанын, фильмде Санжар Мәдиев пен Айсұлу Әзімбаеваның қатысуымен төсек қатынасы көрсетілетінін хабарлады.
Аталған фильмде Айсұлу басты рөлді сомдайды. Режиссердің құрастыруы бойынша актриса жас әрі табысты стилистің рөлін сомдайды. Ол көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын кештерден әлеуметтік желіні артық көретін болады. Тіпті, әлеуметтік желідегі өмірге тәуелді болып қалады.
Айта кетейік, Екатерина Краснова былтырғы жылы желіде жұлдызға айналған. Өйткені ол Криштиану Роналдудың бұрынғы құрбысы Ирина Шейкке қатты ұқсайды. Тіпті, осыдан кейін Екатеринаға желіде достық жібергендер саны артқан.
Жіберіп алмаңыз:
Актриса Айсұлу Әзімбаева стилист болмақ
Санжар Мәдиев өз атын жамылып бизнес ашқандарды сотқа бермек
Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы