Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсер: Бейсен Құранбек өзін жамандаған адамға ренжіген жоқ, керісінше қиналып жүр деп ақшалай көмектесті

Халықтың Бейсенді шын­ды­ғын­да жақсы көргенін мезгілсіз қаза­сы көр­сетті. Ол кеткенде қаймана қа­зақ­тың да жылағанын көрдік. Әлеуметтік желілерде жоқтамаған адам жоқ. Бірнеше күн­ге дейін бүкіл қазақ журналистикасы, әріптестері, көзкөргендер толассыз тұл­ғалы азаматты азалады. БАҚ-тағы ақ­па­раттың барлығы дерлік Бейсен Құран­бек­­ті жоқтады.

Бейсен Құранбек: Апам, әкем, шешем үшін Құдайдан он-он жылдан 30 жасымды берші деп жалындым

Бұл туралы Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлйады.

Бейсенді әлеуметтің журналисі ретін­де танытқан «Айтуға оңай» ток-шо­уының продюсері, қарымды журналист қарын­дасы Әлия Құдайбергеннің де есте­ліктерін кейінге қалдырсақ та, мына жол­дардан аттап өтпеу парыз.

«Сіздей адам жоқ екен, осыған күн өткен сайын көзім жете түсуде.

Бірде, ағаның атын атап, қолайсыздау бір жазбалар жазып, сыртынан біраз сөз айтқан адамды жерден ап, жерге сап, шыр-пырымыз шығып отырғанбыз. Аға кіріп келді. «Туысқандар, қалайсыңдар!» деп. Арқасындағы зілдей (іші толы кітап) рюкзагын терезенің алдына қоя салды да, бұрыштағы диванға барып жайғасты. Айтқымыз келіп отыр, әлгі жазба жайлы. Айта алмаймыз. Бір кезде әйтеуір, ебін тауып айттым-ау. Және «Дәл қазір өзіне хабарласып айтыңыз, екіжүзділігін» деймін ғой, зілденіп.

Аға түк таңғалмастан, тура сурет­те­гідей жымиып қана: «Өөй, Әлек-е-е, көр­дім оны. Ерунда. Жақсы жігіт ол, әлі-ақ тү­сінеді қатесін. Оған бола көңілдерің түс­песін» дей салды. Болды, тақырып жа­былды.

Тағы бірде жап-жас боп ағаға неше­түр­ліні айтып, сыртынан біраз нәрсе ұйым­дастырмақ боп, көңілін ауыртқан адам­ға арада бірер жыл өткенде ақша беріп жүргенін байқадым. «Аға, бұл не сонда? Не деген ұяты жоқ адам анау?» дегеніме: «Әлеке, қиналып жүр екен. Жағдайын айтып, көмек сұрады. Жа­рай­ды, Әлеке, бақытты болсын» деген еді.

«Ағаның алдында бір адамды жамандап, сыртынан сөз етудің қажеті жоқ. Бәрібір қосылмайды. Түк естімеген адамдай монтиып отыра береді» деп күлетінбіз. Рас! Адам деген солай да тәрбиелейді екен ғой, жан-жағын. Бір адам туралы бір ауыз жаман сөз айтпас­тан, ешкімді сөз етпестен өмір сүру мүм­кін бе, жалпы деп, таңғалам! Ағаға сырын айтпаған, мұңын шақпаған адам кемде-кем шығар?! Соның бірін де сыртқа шығармайтын. Айналасына кектену, тістену, біреуден қарымта қайтару, жөн-жосықсыз өкпе-реніш деген атымен жоқ еді ғой, ағада», дейді Әлия Құдайберген.

Талқылау