"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев күйзелісте жүрген адамдарға кеңес берді
“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев қиналып жүрген адамдарға ақыл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/
Өнер иесі бөгде адамдарға қиналып жүргеніңді айтпауға кеңес берді.
“Шаршадым", "Мазам болмай жүр", "Түнімен ұйықтай алмай шықтым", "Проблемам бітпей кетті", деген сөздерді сөздік қорымыздан алып тастайық. Өйткені, біреудің басыдағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулері мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: “Проблемаңды ешкімге айтпа. Олардың жартысына қызық болмаса, қалғаны қуануы мүмкін. Иван Тургеневтің: “Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екуі де – өзіңдікі” деген екен”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, өнер иесінің жақында туған әпкесі қайтыс болғанын жазған едік.
“Әппақ әпкетайым, апатайым, ақылшым, аяулым, асылым, жаныңыз Жәннәтта шалқысын. Енді "Апатай, қалайсыздар?" деп қоңырау шалғанда, "Жақсымыз, Сәкбас, жаным, жарығым" демейсіз. Әпкедей мейірбан, тілеуқор, жанашыр болар ма?! Әкеміз бен анамыздың тұла бойы тұңғышы. Кемпір мен шалдың қызы, туған әпкем Айтгүл 66 жасында Раббысына қайтты”, – деп жазған еді мәдениет қайраткері.