Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда проблемалық несиелер бойынша пайыздық есептеулерге шектеу қойылмақ

Мәжілісте қазақстандықтардың шектен тыс қарызы мәселесі талқылануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, проблемалық несие тарихы бар қарыз алушыларға қарызды қайта құрылымдауға көмек көрсетіледі.

"Азаматтардың тұтынушылық несиелер бойынша қарыздық жүктемесін шектеу заңнамалық деңгейде қарастырылуда. Мәселен, азаматтардың мерзімі өткен несиелері бойынша пайыздық есептеуді шектеу және проблемалық берешегі бар қарыз алушыларға жаңадан несие беруге тыйым салу ұсынылады.

Халықты шектен тыс несиелендіруді азайту кешенді шараларды қажет етеді. Атап айтқанда, банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметін реттеуді қайта қарау қажет. Қазіргі уақытта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамаға қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер әзірлеуде. Азаматтардың банкроттыққа жол бермей, өз мәселелерін шешуі үшін сотқа дейінгі реттеу аясында құқықтарды қорғауды күшейту маңызды", – деді ол.

Талқылау