"Проблема көрмеймін": Дана Есеева сәлем салуға қатысты пікір білдірді
Танымал блогер, кәсіпкер Дана Есеева сәлем салуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Желі жұлдызы енесімен бірге Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді.
"Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Келін болғалы неше жыл өтті, әлі күнге дейін орамал тағасың ба?" дегендер көп болды. Мен одан проблема көріп тұрған жоқпын. Ол проблема емес. Айына бір-екі рет келетін қонақтар үшін орамал тағып, келін көйлегіңді киіп, сәлем салудың еш қиындығы жоқ қой. Батасын аласың қайта. Менің ойымша, салт-дәстүрлер отбасының бір жалғасы сияқты. Енді оны бұзып тастасаң, ол отбасының бір береке-бірлігі кететін секілді көрінеді. Басында-ақ маған орамал тағу керек деген кезде, бірден келістім. Мен керісінше, шашым аппақ болғаннан кейін орамалды тастамай тақтым. Орамалдың ішіне көрінбейтіндей тығып тастайтынмын. Екі аптаның ішінде палау жасауды үйрендім", – деді блогер келіншек.
Одан кейін алғаш босаға аттап, келін атанған сәтін де есіне алды.
“Келін болып түскенде кинода жүргендей сезіндім. Өзбекстанның Зарафшан деген қаласына бардық. Машинадан түскенде бірнеше әже мен келіншектер күтіп алды. Мейіржан мені әкелді де, өзі жөніне кетті. Босағаны қалай аттағаным, қандай ырымдар жасағаным есімде. Енем екеуміздің арамызға ыстық таба нан қойып, құшақтастырды. Ене мен келіннің қарым-қатынасы берік болсын деген ниетпен жасалған екен. Бір күні Мейіржан қандай өлшемді киім киетінімді сұрады. Сөйтсек, енем маған арнап көйлек тіктіріпті. Мен оны көз алдыма оркестрдегі қыздар киетін бүрмелі көйлекті елестеттім. Мамамның маған дайындаған көйлегі беташарда киетін тап-таза киім екен. Сондай ырым да бар екен. Сәлем салуды бұрын-соңды көрмегесін, абысындарымнан қайталап тұрдым”, – деді көпбалалы ана.
Еске салайық, Дана Есеева күйеуінің істі болғанын балаларына қалай жеткізгенін есіне алған еді.