Пригожиннің ұшағында қаза тапқандардың денесінен граната сынықтары табылды - Путин
“Вагнер” ПМК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқандардың денелерінен қол гранаталарының сынықтары табылды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Валдай форумында сөйлеген сөзінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей басшысының айтуынша, ұшаққа сыртқы әсер болмаған. Бұл мәліметті Путинге Ресейдің тергеу комитетінің басшысы хабарлағанын айтты. Ол тергеу жалғасып жатқанын және алкогольге сараптама әлі жүргізілмегенін атап өтті.
“Десе де біз Санкт-Петербургтегі компаниядағы аты шулы жағдай кезінде ФСБ Пригожиннің кеңсесінен 10 миллиард қолма-қол ақшадан бөлек, 5 келі кокаин есіркткісі табылғанын білеміз”,- деді Путин.
Еске салайық, 23 тамызда Тверь облысында Евгений Пригожиннің бизнес ұшағы апатқа ұшыраған еді. Бортта Пригожиннің өзі және Вагнер ПМК-ның бүкіл жоғарғы басшылары болды. Апаттан аман қалғандар жоқ. 24 тамызда Владимир Путин қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Талқылау