AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің баспасөз хатшысы жаңа қызметке сайланды

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы жаңа қызметке сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында Берік Уәли "Қазақстан" РТРК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", - деп хабарлады телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Таң" телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары "31 арна", "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Медиа" медиа орталығын басқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Сондай-ақ, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы наурызда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында "Президент телерадиокешені" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр