Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін президенттіктен кеткеніне дәл төрт жыл болған Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге келді (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс парламент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол әдеттегідей өз таңдауын "Астана Операдағы" сайлау учаскесінде жасады.

Айта кетсек, осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні тұнғыш президент отставкаға кеткен еді. ⠀

Дауыс берген соң Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Журналистер сұрақ қоюға тырысқанымен экс-президент оған мән бермеді.

Айта кетейік, Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.

 

Талқылау