AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

Айта кетейік, заң осы құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ құжатта зияткерлік меншік құқықтары мен өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту мәселесі қарастырылған.

Заңда ұлттық заңнама нормаларын осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелерінің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты да нормалар бар. Сонымен қатар, енгізілген өзгерістер мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге де бағытталып отыр.

Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деген сенім бар. Сондай-ақ заң халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайту жөніндегі міндетті шешу ұсынылады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр