Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды доғару керектігін айтты

Елбасы тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау жасауды доғару керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

787b1e06-68fb-4583-a20c-9b64145181a1

«Жолдауда қаржыны нақты экономикаға дейін жеткізу мақсаты қойылды. Квазимемлекеттік секторда сыртқы әрі ішкі займдар үшін тыңғылықты мониторинг пен қадағалау қажет. Бізде екі қарыз бар, біріншіден, яғни мемлекет жауапкершілігіндегі үлесі төмен мемлекеттік қарыз. Ал квазимемлекеттік сектордың қарызы екінші мәселе. Осы орайда бұл бізге қатысты емес деп пайымдаудың реті жоқ. Уақыт өте келе бұл мәселе бізге қатысты болуы мүмкін. Сондықтан осы бағыттағы шаралармен қазір айналысу керек», – деді елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«Қарызға ала бергендіктен, қазір тығырыққа тірелді. Не істеу керек? Банкротқа шығару қажет. Қорқатын түк те жоқ. Америкада бір миллион фермер банкрот болса, бір миллионы құрылады. Жақында Астана форумында осы тұрғыда мысал келтірген болатын. Мәселен, Вашингтонда 1 500  мейрамхана банкротқа тап болып, қайтадан құрылады», – деді Назарбаев. Мемлекет басшысы осындай жағдай екінші деңгейлі банктерге де қатысты екенін, оларды тағы да мемлекет қаржыландыруға алғанын атап өтті.

«Мұны тоқтату керек, ең дұрысы бұл банктердің жұмысын тоқтатып, оларға төлегенді доғарған жөн. Өзі жұмыс істеп, пайда тауып отырған жекеменшіктерді біз не үшін субсидиялауға тиіспіз? Қазір басқа жүйе. Барлығы да егер сен жекеменшік болсаң, толықтай өзің жауап беретіндігін түсіну қажет. Банкрот па – онда банкрот, тиімді жұмыс істей алмайсың деген сөз. Дәл осы жолға түсейік. Өйткені бізде басқа жол жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев: Адамдар маған хат жаза бергенді доғарып, сотқа сенулері керек

Елбасы қазақ билігіндегі өзекті мәселені ашық айтты: Мүмкін бұл менің кінәм шығар

Ерсайын Ерқожа Бауыржан Бәйбекті балаларға жағымпаздықты үйретпеуге шақырды

Талқылау