Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент тапсырмасынан кейін оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын қысқартуға кірісті

Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын қысқартуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президенттің тапсырмасына сәйкес, оу-ағарту министрлігі ресурстарды формалды іс-шараларға емес, білім берудің нақты сапасын арттыруға бағыттау арқылы шығындарды азайтуға кірісті. 

“Есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады”, – делінген хабарламада. 

"Кім ойлап тапса, сол өзі төлесін": Тоқаев жасанды интеллект министріне ескерту жасады

Тоқаев шенеуніктердің өзін алдап жүргенін айтып, салғырттығы үшін сынға алды


Бюджетті үнемдеу мақсатында өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесу өткізген министр Жұлдыз Сүлейменова мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет қызметі, оқушылар арасындағы психологиялық климаттың толық бақылауда болуы керектігін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, үкіметтің былтыр атқарған жұмысын "жақсы" деп бағалаған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Ақпан, 2026 19:37