Тоқаев Қазақстанның Беларусь пен Иорданиядағы елшілерін тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусь Республикасы мен Иорданиядағы елшілерін тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.
Фото: Pressmfakz
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар президент Жарлығымен Шалданбай Талғат Рахымқұлұлы Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Талғат Шалданбай бұған дейін Сауд Арабиясының Жидда қаласында Қазақстанның бас консулы болған. Әр жылдары Қазақстанның дипломатиялық корпусында жауапты қызметтер атқарған.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді