Президент қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жеткізуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу үшін ұлттық денсаулық сақтауды дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Үкімет алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауы керек. Ол халықтың қалың тобына, соның ішінде ауыл тұрғындарына барынша ұтқыр әрі қолжетімді болуы тиіс. Үш жыл ішінде тиімді ауылдық денсаулық сақтауды құру, барлық ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету үшін шалғай өңірлер үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет", - деп тапсырды Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Оның айтуынша, пандемия сирек кездесетін мамандықтар бойынша дәрігерлерді - эпидемиологтарды, инфекционисттерді, реаниматологтарды, пульмонологтарды, кардиологтарды және басқаларын дайындау мәселесін көрсетті.
"Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді, мүмкін 10 жылға арналған болжамын жасауды тапсырамын. Ұлттық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту шаралары барлық медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен толық жарақтандыруға, төсек қорын 50 пайызға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.
Статистика мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2018 жылы 73 жастан асқан.
Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
