Президент қазақстандық жас хоккейшілердің тарихи жеңісімен құттықтады

Astana Team балалар хоккей командасы Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирінде топ жарып, чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаюарлайды.
Осы тарихи жеңісінен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас хоккейшілерді сенсациялық жеңісімен құттықтады.
Президент хоккейдің отаны саналатын канадалық қарсыластарын тізе бүктірген өрендердің табандылығы мен қажырлы еңбегін жоғары бағалады.
Тоқаев жас спортшыларға алғыс айтып, олардың алдағы уақытта да тынымсыз жаттығып, бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
Айта кетейік, бұл турнир жыл сайын Канадада өтеді және әлемдегі ең беделді балалар хоккей жарыстарының бірі. Оған әр елдің үздік жас командалары қатысады.
Қазақстандық команда топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне сенімді түрде шықты.
• Алғашқы ойында алаң иелері – Quebec Nordiques командасын 3:1 есебімен ұтты.
• Жартылай финалда Quebec Remparts ұжымын 2:1 есебімен жеңді.
• Финалда отандастарымыз Noir d’Or des Montagnes командасымен өткен тартысты матчта буллиттер сериясында 4:3 есебімен басым түсіп, чемпион атанды.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?