AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, делінген Ақорда сайтында. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Токаев жана 2022

"Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.

Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.



Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді", - деді президент.

Тоқаев мемлекеттің соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айта келе, олар қоғамның құрметіне бөленуі тиіс екенін баса айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр