Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент әкімшілігі жоғалған карниз бөлігі бойынша түсінік берді

Ақорда ғимаратындағы карниздің фрагменті шатырды жоспарлы жөндеу кезінде бөлшектелген, деп мәлімдеді Қазақстан президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде Ақорда ғимаратының бір бөлігінде карниз үзіндісі жоқ сурет пайда болған. Фото астына жазылған пікірлерде қазақстандықтар бұл оқиға сапасыз жөндеу жұмыстарының нәтижесі болды деген пікірлерін білдірді.

Президент әкімшілігінің мәліметінше, осы жазда Ақорда резиденциясының ғимаратында шатырдың жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыс мамыр айында басталған және қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған. 
Тарихи ғимарат жаз бойы эстетикалық келбетін жоғалтпауы үшін оны құрылыс жабдықтарымен қоршамай, жұмсақ технологияны қолдану туралы шешім қабылданған.

"Қабырғаның жағасынан дуал бойымен құрылыс ілмегінің еш кедергісіз көтерілуі үшін карниздің бір бөлігі бөлініп алынған. Бұл құрылғының көмегімен жұмысшылар және қажетті материалдар жоғарыға көтеріледі", – делінген хабарламада.  

Департаменттегілер декор элементі жөндеу аяқталғанша қоймада сақталып тұрады деп сендірді. Барлық жұмыстар аяқталған соң, ол өз орнына қойылады.

Ақорда резиденциясы 17 жыл бұрын салынған - оның ресми ашылуы 2004 жылы 24 желтоқсанда өтті. Бірегей ғимараттың төбесі бірінші рет жөндеуден өтуде.

Ғимаратқа қызмет көрсетуді ҚР ҰДП "ҚР президенті мен үкіметінің әкімшілігінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы" РМК қамтамасыз етеді, оның міндеттеріне сонымен қатар ірі әкімшілік кешендерді - Үкімет үйін, Министрліктер үйін, Қаржы министрлігінің ғимараттарын беру кіреді.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 23 Тамыз, 2021 18:20
Талқылау