Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент әкімшілігі қызметтік автокөліктерге 1,8 миллиард теңге жұмсамақ

Президет әкімшілігі қызметтік автокөліктерге қызмет көрсету үшін 1,8 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

“Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі; атауы – компанияның көлік құралдарымен тасымалдау қызметтері; қосымша сипаттама – қызметтік және басқа көлік құралдарымен тасымалдау қызметі; жоспарланған сома – 1 869 745 762,5 теңге”, – делінген мемлекеттік сатып алу порталындағы лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 28 қарашада басталып, 13 желтоқсанда аяқталады.

Техникалық ерекшелікке сәйкес қызмет 2024 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында көрсетілуі тиіс.

“Көлік қызметтерін KZ, QR, UD әріптік индексі және мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар (Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің, парламентінің, үкіметінің және басқа да мемлекеттік органдарының аумағына кіруі үшін көліктің KZ, QR, UD әріптік сериялары бар тіркелген мемлекеттік нөмірлері болуы міндетті) жеңіл автокөліктер, автобустармен және шағын автобустармен көрсетуі қажеті”, – деп көрсетілген техникалық шартта. 

Талқылау