Соңғы жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары пандемия кезінде қазақстандықтар үшін мінез-құлық ережелерін енгізуді тапсырды

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен өткен COVID-19 жедел штабының отырысында коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі тлқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел штаб денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 аймақтық рейтингісінде ең төменгі көрсеткіштер көрсеткен Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің жұмысының жеткіліксіздігін атап өтті.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қолданыстағы төсек сыйымдылығын арттыру үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Азаматтардың санитарлық-маска режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

"Біз өмірдің құндылығы мен бірегейлігіне назар аудара отырып, адамдардың санасы мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертуіміз керек. Біздің елде әлі күнге дейін «маскалар бәрібір көмектеспейді - оларды киюге болмайды, маңызы жоқ» деген пікір бар. Адамдар әлі де фактілерге емес, өздерінің дұрыс емес сенімдеріне сүйенеді. Вирусқа қарсы күрес барша қазақстандықтарды «ортақ мақсат» сезімімен біріктіруі керек. Бұл мемлекеттік органдардың міндеттерінің бірі", - деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Қорытындылай келе, премьер-министрдің орынбасары пандемия кезінде азаматтардың мінез-құлық ережелерін әзірлеуді, карантин режимін бұзу туралы өңірлерде күнделікті рейдтер жүргізуді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетуді тапсырды, сонымен қатар оларға бірқатар басқа да жедел нұсқаулар берілді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр