Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министрдің кеңсесі оның сағатының қанша тұратынын мәлімдеді

Үкімет басшысының кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген қол сағаттың бағасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін журналист Михаил Козачков премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы "Cartier Tank" екенін айтып, сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мың долларға дейін (2,1 - 3,4 млн теңге) барады деген болатын. 

Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібайдың айтуынша, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың бағасы, шамамен, 164 мың теңгені құрайды.



"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын", –  деп жазды Желдібай.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 21 Ақпан, 2022 10:14
Талқылау