AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр журналистер сұрағына жауап бере алмаған денсаулық сақтау вице-министрін сынап тастады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің брифингісінде вице-министрдің БАҚ өкілдерінің сұрақтарына дұрыс жауап бере алмағанын сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елдегі эпидахуал туралы баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ведомствоның өкілдерімен өтетін брифингілерге мұқият дайындалуды тапсырды.

"Өткен аптада сіздің орынбасарыңыздың қатысуымен брифинг өткен еді. Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап ере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар, құрметті әріптестер, бүкіл Үкіметтің жұмысына кері әсерін береді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет. Әрбір қабылданған шешім дұрыс түсіндірілуі керек. Қоғаммен ақылдаса отырып қабылдануы керек. Бұл - Үкіметтің негізгі міндеті", - деді премьер-министр.

Бұған дейін журналистер денсаулық вице-министріне "Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия азаматтары Pfizer-ді ақылы түрде салдыра алады, ал қазақстандықтар үшін бұл неге қолжетімді емес" деген сауал қойды. Жандос Бүркітбаев осы мәселені түсіндіруге тырысты.

Оның айтуынша, Pfizer компаниясы ақылы вакцинация кезінде вакцинаны алып сату жайттары болады деп есептейді. Сондықтан компания мен Қазақстан арасындағы келісімшартта ақылы вакцинацияға тыйым салынған.

Журналистер денсаулық сақтау министрлігінің өкілінен компания Қазақстанға неліктен мұндай ерекше талап қойып отырғанын нақтылады. Өйткені басқа елдерде бұл марканың вакцинасы ақылы түрде де салынады.

Жандос Бүркітбаев бұл елдерге Pfizer гуманитарлық көмек аясында жеткізілгенін айтты. Вице-министр америкалық компаниядан жазбаша жауап алғаннан кейін вакцинаны Қазақстанда неге ақылы түрде салдыруға болмайтынын хабарлауға уәде берді.

Айта кетері, Pfizer вакцинасы бүгінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жастарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге егіледі. Бұған қоса, жуырда 60 жастан асқан егде азаматтарға да осы препаратты егу мүмкіндігі берілді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр