Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр: Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды

Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин карантин шаралары әсерінен елімізде жағдайдың жақсарғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жалпы осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылғандардың саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға дейін азайды. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдемге шақыру бойынша көрсеткіш 38 пайызға төмендеді. Барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген", - деді үкімет басшысы.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын тоқтату жоспарын ұсынды. Осы мәселеге қатысты үкімет басшысы пікір білдірген. 

"Бүгін денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Жалпы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады", - деп түйіндеді сөзін премьер-министр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда карантиндік шараларды күшейту 5 шілде мен 2 тамыз аралығында енгізілді. 3 тамыздан бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетілетін болады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 апталық карантин нәтижелерін жариялап, алдағы уақытта қандай жұмыс жүргізілетінін айтқан болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр