Премьер-министр азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін әкімдерге ұрысты
Премьер-министр әкімдерді көрсеткішті көксемей, жүйелі жұмыс істеп, баға өсіміне жол бермеуге шақырды.
Облыс әкімдері азық-түлік бағасының қымбаттауын жіті қадағаламай отыр. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әкімдерді жоғары рейтингтің артынан «қумай», жүйелі түрде жұмыс істеп, баға өсіміне жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Үкімет басшысы Астана, Алматы қалалары мен СҚО, БҚО және Жамбыл облысының әкімдерінен тұрмысқа бірінші кезекте қажетті ауарлар мен азық-түлік бағасының қымбаттауы қай өңірлерде етек жайғанын сұрады.
«Қант, қарақұмық, тұз, ет және ет өнімдері, пияз секілді азықтардың бағасы жоғарылаған. Ең қымбат нан бағасы аграрлы аймақта ма?!» – деді Сағынтаев.
Премьер-министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін жүйелі түрде жұмыс істеу керектігін атап өтті.
«Ерік Хамзинұлы, бұл мәселеде талас-тартыстың, саудаласудың болғанын қаламаймын. Жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. Екіншіден, маған сіздердің «осынша азық республикалық деңгейден төмен бағада» деп айтуларыңыз ұнамайды, әркім өз аймағына жауап берсін, республикалық деңгеймен салыстрмай», – деді премьер-министар СҚО әкіміне.
Ал ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азық-түлік бағасының өсімімен күресу жолға қойылғанын атап өтті. Айтуынша, аймақтағы тұрақты қорлардың артық қорынан тауарлы интервенция жүргізіліп жатыр.
«Алайда азық-түлік бағасы жыл сайын қымбаттайды. Жергілікті атқарушы органдар бұл мәселені ескермейді, өз уақытында ішкі нарықта қажетті шаралар қолданбайды. Жағдай бақылауға алынбаған», – деді ашынған министр.
Тұрақтандырма қорлардың потенциалы қажетті деңгейде іске қосылмаған.
Министрдің айтуынша, азық-түлік бағасы, әсіресе, қордағы азық қалдығы аз өңірлерде қымбаттағанын атап өтті.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызды тауарларға инфляция кезінде есепке алынатын бірінші кезекте қажетті тауарлардың 33 түрі кіреді (макарон өнімдері, жармалар, көкөністер, ет-сүт өнімдері, жұмыртқа және тұз).
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы салынуда
Депутаттар жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын сауатты жазуды талап етті
Путин мен Атамбаевтың бір креслода отырған суреті елдің күлкісіне қалды
Дариға Назарбаева өзін елбасының мұрагері ретінде қарастыра ма