Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы салынуда

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына іс-сапары барысында жаңа Нұркент қаласының жобасымен танысты. Қала қазақ-қытай шекарасындағы Панфилов ауданында тұрғызылып жатыр.

b5ed0f24818db3fe7f4480b418f5582f

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Одан бөлек, Назарбаев Талдықорғандағы басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен және Жаркент-Хоргос агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жоспарымен танысты.

Ал Нұркент қаласы арнайы «Хоргос-Шығыс қақпа» экономикалық аймағының құрамына енетін болады. Нұркент –  мың тұрғыны бар, аумағы 300 гектарды құрайтын қала болмақ. Арнайы экономикалық аймақтың құрылысы 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс. Аталмыш шекара аймағы жаңа Жібек жолының негізгі нүктесіне айналатын болады.

c762529fb0c15df627c9c3dacf8e8a3f

Айта кетейік, дүйсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іс-сапармен Алматы облысына барды. Талдықорғанды аралаған президент бірқатар нысандарға барып қайтты.

Назарбаев Талдықорғандағы әуежай мен аэровокзалдың жаңарту жұмыстарымен танысты. Одан бөлек «Нам Г.Н.» шаруашылық қожалығына, Талдықорғандағы көпсалалы ауруханаға, Текелі тау-кен өңдеу кешеніне, оқушылар сарайына, жастарға қызмет көрсету орталығына және қалалық «Жастар» саябағына барды.

054c4cc722baee862894095bf9e16482

5a69f0aa5935ed431bc1387cb8edede5


Путин мен Атамбаевтың бір креслода отырған суреті елдің күлкісіне қалды

 

Талқылау