Премьер-министр: «Ағатайлар» тендермен ұзақ ойнап жүргендіктен балалар зардап шегуде
Үкімет отырысында “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында білім беру нысандарының құрылысы қаралды.
Фото: Kursiv.kz
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев тендерлерді уақытында өткізбейтін шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бақытжан Сағынтаев «ағатайлар» тендермен ұзақ ойнап жүретіндіктен балалар мектепке уақытында бара алмай жүретінін айтты.
“Осы жағдай үнемі қайталанады. Қанша айтсақ та, қаражат игерілмейді, тендерлер кеш өткізіледі. Яғни, үлкен ағалар тендер ойнап жатқан кезде, балалар қиналып жүр. Әрі қарай бұлай жалғасуы мүмкін емес! Балалар жаңа мектептерде оқығысы келді”, — деп қынжылды Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында.
Осы орайда Үкімет басшысы орынбасарлары Асқар Мәмин мен Ерболат Досаевқа тапсырма берді.
“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық қордан қаражат бөлініп жатыр. “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша қаражат өңірлерге бөлінеді. Ал біз оқу жылы келіп қалса да, әлі күнге дейін тендер ойнап жүрміз. Бұл жағдайдың тамырына балта шабу керек. Мүдделі органдармен бұл мәселені талқылау керек. Қазір біз Астанада пилоттық негізде жан басына шаққан бөлінетін бағдарламаны бастадық. Осыны қолдану керек. Қаражат бар, бірақ өкінішке қарай ол уақытында игерілмейді”, — деді үкімет басшысы.
Тағы да оқыңыз:
Айсұлтан Назарбаев не себепті есірткіге әуестенгенін айтып берді
Назарбаев: Адамдар маған хат жаза бергенді доғарып, сотқа сенулері керек
Елбасы қазақ билігіндегі өзекті мәселені ашық айтты: Мүмкін бұл менің кінәм шығар
Президент тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды доғару керектігін айтты