Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прагадан Қазақстанға жеткізбек болған Пржевальск жылқысы жолда қашып кеткен

Фото: Novinky

Прагада Қазақстанға жеткізбек болған Пржевальск жылқыларының бірі әуежайға бара жатқан жолда жүк көлігінен секіріп, тас жолда көлік қозғалысын бөгеп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прага хайуанаттар бағынан Астанаға төрт Пржевальский жылқысы жөнелтілу керек еді, бірақ ұшаққа үшеуі ғана тиелді. Виски атты құлын әуежайға барар жолда торды сындырып, жүк көлігінен тас жолға секіріп кеткен.

"Праганың айналасындағы қарбалас айналма жолдағы қозғалыс бір сағатқа тоқтап қалды. Ал хайуанаттар бағының қызметкерлері мен полиция қызметкерлері оны торға салу үшін соңынан ұзақ жүгірді", – деп жазды Novinky басылымы.



Бақытымызға орай, жылқы жарақат алмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте хайуанаттар бағына келушілер қоршаудың шарбағынан асып түсіп, түйеқұстың тұмсығынан теуіп кеткенін хабарлаған едік. Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram желісіндегі парақшасында ер адамның орынсыз әрекеті бейнеленген видеоны жариялаған. Оны 25 мамыр кешкі сағат 18:00 шамасында куәгерлер түсіріп алған.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 09:46
Талқылау