Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Home Credit Bank иелері AMALAR активтерді басқару холдингін құрды

Әлемдегі мықтылардың бірі PPF халықаралық холдингіне  иелік ететін Рената Келлнерованың отбасы AMALAR Holding атты активтерді басқару холдингін құрды. PPF тобы Қазақстанда 702,6 миллиард теңге активтері бар Home Credit Bank-ін бақылайды.

AMALAR Holding-ті (отбасы мүшелерінің аты-жөнінің бас әріптерінің атымен аталған) құрудағы мақсат – толығымен Келлнер отбасының бақылауында болатын меншік құрылымын жеңілдету. Мұнда отбасына тиесілі компаниялардың барлық акциялары мен активтері, соның ішінде 43,5 миллиард еуро активтері бар ең үлкен PPF тобы кіреді.

Директорлар кеңесін Петер Келлнердің әйелі Рената Келлнерова ме нқыздары Анна, Лара және Мария бірге басқарады. Ал Келлнердің бірінші некедегі ұлы, PPF тобының акцияларының шамамен он пайызына иелік ететін Петр жобаға қатысу мүмкіндігін  қарастыруда.

Холдингте активтер мен әлеуетті стратегиялық инвестицияларды басқаруда көмек ететін консультативтік кеңес құрылмақ. Оны бұрынғы премьер-министр және Чехия Ұлттық банкінің экс-төрағасы Иржи Руснок басқарады. Ал кеңес құрамына PPF Group-тың қазіргі басшысы Иржи Шмейц, Чехиядағы EY компаниясының бұрынғы жетекші серіктесі Магдалена Соучек, Йель университетінің танымал хирургия профессоры Богдан Помахач, сондай-ақ инвестор және жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі заңгер Томаш Отруба кіреді.

"Консультативтік кеңестің барлық мүшелері өз салаларында құрметті тұлғалар және отбасымыздың толық сеніміне ие. Мұнда Иржи Шмейц ерекше орында. Оған отбасылық гауһар тасымыз PPF тобына қарайлауды сеніп тапсырдық. Иржидің соңғы бір жарым жыл ішінде PPF-ті қалай алға жылжытқанын жоғары бағалаймын", - деді Рената Келлнерова.

Ал Қазақстанда PFF тобы 702,6 миллиард теңге активтері бар Home Credit Bank Иржи Шмейцтің топ-менеджерлері арқылы бақылайды. Қазақстандық Home Credit Bank-і PPF тобы үшін тартымды актив. Холдинг ШОБ-қа арналған  цифрлық банк – Home Credit Business-ке инвестициялау арқылы республикалық нарықта ауқымын кеңейтуде.

Холдингтің Үндістанда, Чехияда, Қазақстанда, Словакияда, Қытайда және Вьетнамда еншілес ұйымдары бар. Сонымен қатар PPF тобына Home Credit-тен басқа, Air Bank, PPF Bank, Mobi Bank, Clearbank сияқты қаржылық құрылымдар кіреді. Одан бөлек, холдинг телекоммуникация, медиа, биотехнология, жылжымайтын мүлік және машина жасау салаларындағы компанияларға ие.

Қыркүйек айында Рената Келлнерова және оның отбасы Анна, Лара, Мария, Петр Келлнерлер бұрын Ладислав Бартоничекке (0,535%) және Жан-Паскаль Дювьесартқа (0,535%) тиесілі болған PPF тобының акцияларын түгелдей сатып алды. Осылайша олар холдингке 100% ие болды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында PPF тобының таза пайдасы 709 миллион еуроны құрады. Топ өз бизнесін одан әрі әртараптандыру үшін дамыған нарықтарға бірқатар инвестиция салды. Олардың қатарында ProSiebenSat.1 неміс медиа тобы мен Нидерландыда тіркелген InPost  постаматоператоры акциялары бар.

Талқылау