Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыздардың қозғалысы тоқтады: Шымкентте 13 вагон рельстен шығып кетті

Шымкенттегі теміржол станциясында 13 вагон рельстен шығып, аударылып қалды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының теміржол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 жолаушылар және 10 жүк пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

"Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, "ҚТЖ" АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан қалпына келтірумен айналысатын 3 пойыз жұмылдырылды. Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Т.Уәли.

ТЖМ ресми өкілінің сөзінше, 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарланған.

Талқылау