Пойыз жүріп кеткен соң толғақ басталды: Жолсеріктер жүкті әйелді босандырды
"Арқалық – Нұр-Сұлтан" бағытындағы жолаушылар пойызында жүкті әйел босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Арқалық – Нұр-Сұлтан" бағытындағы жолаушылар пойызы Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлеріне зайыбының толғағы келіп қалғанын айтқан.
Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырылды.
Теміржолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы Т.Әбдірайымов мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.
Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындай бастады. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) және Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда барлық қажетті жағдайлар жасалды және дүниеге қыз бала келді.
Пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның шақалағын жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
