Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз жолсерігі жастықтың астынан жолаушы телефонын ұрлап алды

Нұр-Сұлтаннан Оралға бағыт алған пойыз жолсерігі жолаушының ұялы телефонын ұрлап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Тобол станциясында полиция бөлімшесіне Ақмола облысының 45 жастағы тұрғыны шағым түсірді. Жолаушы ұйықтап жатқан сәтінде жастығының астында тұрған телефонды әлдебіреудің суырып алғанын атап өткен.

"Көліктегі полиция қызметкерлері ұрлықшының пойыз жолсерігі екенін анықтады. 26 жастағы ер адам жәбірленушінің ішімдік ішіп, ұйықтап жатқанын пайдаланып, ұялы телефонын ұрлаған. Келтірілген шығын – шамамен 100 мың теңге", – деп хабарлады полициядағылар. 



Жолсерік телефонды іздеуге көмектескен. Ол телефонды жолаушыға қайтарып бергендіктен, қылмыстық іс тоқтатылды. 

Жолсерік жұмыс істейтін компанияға оны тәртіптік жауапкершілікке тарту және пойыз бригадаларының басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы хат жолданды. 
 

Талқылау