Португалияда коронавирустан 14 жастағы жеткіншек көз жұмды

Португалияда коронавирустан 14 жастағы жеткіншек көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирустан көз жұмған

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды. 

14 жастағы Витор Годиньо из Овара Еуропада коронавирустың жас құрбандарының бірі. Ол Порту қаласының маңындағы Санта-Мария-да-Фейра ауруханасында жексенбі күні жан тапсырған. 

Баланың бойынан псориаздан басқа аурулар анықталмапты. 

Бұған дейін коронавирус 16 жастағы париждік бойжеткеннің өмірін қиыпты. Ол денсаулығына байланысты бұрын еш шағым айтпаған. Бойжеткен жөтеліп жүріп, бір аптадан кейін көз жұмған. Ақырында оның коронавирус жұқтырғаны анықталыпты. 

Бұған қоса 21 және 18 жастағы екі британдық жұқпалы індеттің кесіренн көз жұмған. 

Қазіргі таңда Португалияда коронавирустан көз жұмғандардың саны жүзден асып кетіпті. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, мемлекетте 6000-нан астам адам ауру жұқтырған.

Қазақстанда коронавирустан екі адам көз жұмды. Бүгін инфекциядан ажал құшқан тұрғын 50 жастағы азамат екендігі анықталыпты. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр