Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Португалияда 2 миллион литр шарап көшеге төгілді (видео)

Португалияның Анадия шағын қаласында зауыттағы цистерна жарылып, 2,2 миллион литр шарап көшеге төгілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

шарап

New York Post басылымының мәліметінше оқиға 10 қыркүйекте орын алған. Желіде тараған видеодан Анадия қаласындағы көшелердің бірінде қызыл шарап ағып жатқанын көруге болады. 

Кей деректерге сүйенсек, төгілген шараппен олимпиадалық жүзу бассейнін толтыруға болады екен. 

Қала билігі экологиялық дабыл қағып, ішімдік Чертима өзеніне құйылмауы үшін арнайы бөгет дайындап, шарапты егістікке қарай бұрған. 

Өрт сөндірушілердің сөзінше, “Levira” алкоголь зауытының жанындағы үйдің жертөлесі шарапқа толып кеткен. Көп ұзамай зауыт өкілдері халықтан кешірім сұрап, шарап сіңген топырақты қазып алғанын мәлімдеді.

Талқылау