Жақында ғана үйленген "Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жота көлік апатынан қаза тапты

Португалия құрамасының және ағылшынның "Ливерпуль" клубының футболшысы Диогу Жота Испанияда болған жол апатынан 28 жасында қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Marca газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы Самора провинциясында, А-52 трассасының 65-шақырымында, Паласиос-де-Санабриа қаласына жақын маңда болған. Футболшы көлікте 26 жастағы інісімен бірге отырған. Өкінішке қарай, екі ағайынды да оқиға орнында көз жұмды.
Жол апаты салдарынан көлік өртеніп кеткен. Жалын жақын маңдағы өсімдіктерге де тараған.
Диогу Жотаның желісінде 5 күн бұрын тойынан фотолар мен видео жариялаған. Деректерге сенсек, ол мектеп кезінен бірге оқыған, он жылдан астам уақыт кездесіп жүрген сүйіктісі – Руте Кардозоға он күн бұрын үйленген. Бұл жұптың үш баласы бар.
Диогу Жота 2020 және 2024 жылғы Еуропа чемпионаттарына қатысқан. 2022 жылы ол "Ливерпуль" клубымен келісімшартын 2027 жылдың жазына дейін ұзартты.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

