Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда мас күйінде көлік тізгіндеген басшы қамауға алынды

Оралда театр директоры жол апатынан кейін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Porsche автокөлігімен соғылды: Оралда театр директоры жол апатынан кейін қамауға алынды

Орал соты Porsche Cayenne автокөлігін мас күйінде жүргізіп, бағдаршамда тұрған екі көлікке соғылған облыстық қазақ драмма театрының директоры Қуаныш Амандықовтың ісін қарады. 

Сот шешімі бойынша Амандықовқа ҚР Әкімшілік кодекстің 608 бабы, 6 тармағы бойынша  әкімшілік жазаға тартылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынуға үкім шығарылған. 

Қуаныш Амандықов сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Алайда, ол сот отырысы кезінде өз шағымын кері алуға мәжбүр болды. Өйткені облыстық соттың судиясы Ләззат Ұстағалиева соттың бірінші шешімін өзгертусіз қалдыруға үкім шығарған. 

Жол апаты 16 шілде күні Жәңгір хан көшесінің бойында орын алған. Куәгерлердің айтуы бойынша Porchse Cayenne автөкөлігі  Renault және Toyota көліктеріне барып соғылған. Porcshe көлігінің рөліндегі қазақ драмма театрының директоры Қуаныш Амандықов екені анықталды. 

"Бұл байқаусызда болған оқиға. Мен рөлде болғанмын, қатты жаңбыр жауып тұрғандықтан, жер тайғанақ еді, мен тежегішті басып үлгермедім. Уайымдайтын ештеңесі жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бір көлікті жай ғана іліп кеттім", - дейді Қуаныш Амандықов.

Артынша Porcshe көлігінің жүргізушісі жол апаты кезінде мас күйінде болғаны туралы полиция департаменті айтып берді. 

Талқылау