Польшада жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылды

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екатерина Шилованың мәйіті табылды. Суық хабарды марқұмның әпкесі жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екатеринаның әпкесі оны өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын айтты. Тергеу байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Қазір отбасы қазақстандық әйелді жерлеу үшін қаражат жинап жатыр. Әпкесінің айтуынша, жерлеу рәсімін өткізі үшін едәуір қаржы қажет.
- Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды
- "Бірнеше күн бойы жатқан": Ақтөбеде мектеп маңындағы қоқыста жатқан үлкен сөмкеден мәйіт табылды
Еске салайық, бұған дейін Польшада қазақстандық әйел күмәнді хабарлама жазып, кейін хабар-ошарсыз кеткені хабарланған еді.
Ақпаратқа сәйкес, Екатерина екі жыл бұрын Талдықорғандағы агент арқылы Польшаға жұмыс істеуге кеткен. Варшавада кір жуушы болып жұмыс істеген. Кейінгі жарты жылда ол Украинадан келген ерлі-зайыптының үйінде тұрып, солардан бөлме жалдап тұрған.
Әйел Қазақстанда қайтуды жоспарлап, әпкесіне 18 ақпанда оны әуежайға үй иесінің күйеуі апаратынын айтқан. Сол күні кешке ол соңғы хабарламасын – ұшар алдында жүк салмағын өлшеп, артық салмақ болмасын деп дүкенге түсіп бара жатқанын жазған. Осыдан кейін байланысқа шықпаған.
Жоғалған күні Екатерина тапқан қаражатын Қазақстанға алып қайтпақ болғаны да хабарланды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған