Полиция жергілікті "Джек-қасапшы" атанған қылмыскерді тапқан адамға сыйақы берілетіндігін айтты
Таиланд полицейлері түрмеден босап шыға салысымен, әйелді өлтіріп, жергілікті "Джек-қасапшыға" айналған ер азаматты іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сомкид Пумпуанг 2005 жылы 5 жезөкшені азаптап өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айрылыпты. Алайда 2019 жылдың мамыр айында ол жақсы тәртібі үшін түрмеден босатылыпты. Түрмеден шыққан соң ол 51 жастағы қонақ үйдің қызметшісін өлтіріп тастаған.
Жергілікті басылымдардың мәлімдеуінше, Пумпуанг өзінің соңғы құрбанын Facebook желісі арқылы тапқан. Оның сеніміне алдап-сулап кіріп, әйелдің үйіне қоныстанған. Бірақ бірнеше күннен кейін қылмыскер оны желі сымымен қылқындырып өлтіріпті.
Қылмыс орын алған жерде Пумпуангтың саусақ іздері мен жеке заттары, киімдері табылды. Полицейлер қылмыскерді ұстаған азаматқа 500 мың бат (шамамен 6 20 000 теңге) көлемінде сыйақы берілетіндігін жеткізді.
Атап кетерлік жайт, "Джек-қасапшы" есімі 1888-1891 жылы Лондонның Уайтчепел ауданында бірнеше жеңіл жүрісті әйелдің өмірін қиған азаматқа тиесілі. Полиция сол күйі қылмыскердің кім екендігін анықтай алмапты.