Полиция жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған қызға қатысты ақпаратты тексеріп жатыр
Алматы полициясы жүргізуші куәлігін сатып алған алматылыққа қатысты тексерісті бастап кетті.
Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
“Біз тіркеу бөлімі мен миграциялық жұмыс өкілдері арқылы бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Қалай нәтижесі белгілі болады, солай хабарлаймыз”, – деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін сатып алып бергені үшін әкесіне рахмет айтқан қыздың жазбасы кең таралып кеткен еді.
Бұл ретте желі қолданушылары оған куәлікті сатып емес, тапсырып алу керектігін айтқан. Ал ол болса “сатып алатын мүмкіндік болса, тапсырып не керегі” бар деп жазды.
“Алдын ала белгілі болғандай, қыздың жүргізушілер даярлау оқу мекемесінде оқып, оған куәлікті тұрғылықты жері бойынша Алматы облыстық ІІД бергені анықталды”, – деп хабарлады ҚР ІІМ.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбелік ананың баласы мен келіні үшінші баласын Сирияда өмірге әкелген
59 мың долларынан айырылған ана: Қытайда қылмыскер атанбап едім
Ақмола облысында заттарын тегін тарататын дүкен ашылды
ОҚО-да 14 жастағы жасөспірімді атып өлтірген күдікті Жамбыл облысы аумағында қолға түсті