Ақмола облысында заттарын тегін тарататын дүкен ашылды
Енді Ақмола облысының тұрғындары “Рахмет үшін” деп аталатын қайырымдылық дүкенінен өздеріне қажетті заттарды тегін алатын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Атбасар қаласында ашылған бұл ерекше дүкенде ескі киім, төсек жабдықтары, түрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтар да бар. Әрине, мұндағы заттар адамдардың көмегі арқылы жинақталады.

“Добряки” клубының мүшесі Кәмила Омарованың айтуынша, адамдар өзіне қажет деп таппаған немесе ерікті түрде өткізгісі келген заттарын осында әкеліп тегін табыстай алады.

Бірінші кезекте, дүкендегі заттарды әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандар тұтына алады.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты