Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция көліктерін өртеп, әкімдік ғимаратына шабуыл жасады: Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер туралы айтты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздік салдары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрметті жерлестер! Кеше Тараз қаласындағы орталық алаңға жиналған халықтың алдына шығып, сабырлыққа шақырып, заңсыздыққа бой алдырмауға, ортақ диалогқа келуге өтініш білдіргенмін. Алайда, өкінішке қарай, жүздеген жас азамат қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берді", –  дейді Сапарбаев.

Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер кезінде ондаған полиция көлігі аударылды. Көліктерге өрт қойылды. Облыс әкімінің аппараты орналасқан ғимарат пен Kaspi bank бөлімшесі айтарлықтай зардап шекті.

"Заң, тәртіп сақталу керек! Мемлекет мүлігіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу заңмен қудаланады. Біздің ойымызша, бұзақылық сипаттағы жастар қандай да бір топтың айтағына ергендер. Баршаңызды араңдатушылыққа бой алдырмауға, іріткі салудан аулақ болуға шақырамын! Қандай да бір заңсыз әрекеттердің барлығы үшін жауап беретініңізді қатаң ескертемін!" – деді облыс басшысы.


Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 05 Қаңтар, 2022 10:17
Талқылау