Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда полиция қызметкері бозбаланы екі жыл бойы зорлап келген

Түркістан облысының бұрынғы полиция қызметкері кәмелетке толмаған ұл балаға қатысты сексуалдық әрекеттері үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жасөспірім

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция капитаны Сәкен Сейітжапаровты бірден Қылмыстық кодекстің - "Кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану" және "Бопсалаушылық" бабтары бойынша кінәлі деп тапты.

"Сотталушы 2013 жылдың наурыз айында кәмелетке толмаған жасөспірімнің мас болғанын пайдаланып, оған қарсы сексуалдық зорлық-зомбылық жасаған. Ол болғанның бәрін түсіріп алған. Сотталған 2013, 2014 жылдары ғаламторда осы бейнені жариялаймын деп жәбірленушіні бопсалап, зорлық-зомбылық әрекеттерін жалғастыра берген. Сонымен қатар, полицей бозбаладан ақша өндіріп алып қана қоймай, телефон, алтын сақина және қолма-қол ақша алған", - делінген сотта.

Сәрсенбі күні, 19 ақпанда сот бұрынғы полиция қызметкерін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оны «полиция капитаны» атағынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

сот

Бұл оқиға көпшілікке 2018 жылы белгілі болды. Содан кейін жәбірленуші жасөспірім кезінде оны екі ересек адам зорлағанын айтты. Бұл іс жеткілікті дәлелдемелердің болмауына байланысты алты жыл ішінде бірнеше рет қайта қаралып, бірнеше рет тоқтатылған.
 

 

 

 

 

Талқылау