Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкері тынысы тоқтап қалған сәбиді тірілтіп алды (видео)

АҚШ-та полицей тынысы тоқтап қалған бір жарым жасар сәбиді құтқарып қалды. Оның сәбиді аман алып қалған сәті денесіне орнатылған камераға түсіп қалған.

Полиция қызметкері тынысы тоқтап қалған сәбиді тірілтіп алды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox17 Nashville басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 21 тамызда Скоттсвилл қалашығында орын алған. Полиция қызметкері Джеймс Тэлботт кішкентай Эйден Кингтің көгеріп, тұншыға бастағанын байқапты. Ол бірден сәбиді құтқаруға кірісіп, тыныс жолдарын тазалап, артынша жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Осыдан кейін сәби қайта тыныс ала бастады. 

Артынша сәбиі жергілікті ауруханаға жеткізілді. 

Дәрігерлердің сөзінше, егер балаға дер кезінде көмек көрсетілмегенде, ол тірі қалмайтын еді.

2020 жылдың мамыр айында Тэлботты адам өмірін құтқарғаны үшін марапатқа ұсынып, медаль беріледі. 

Талқылау