Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция "Қайрат" – "Ақтөбе" матчы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтеді

Полиция Қайрат – Ақтөбе матчы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтедіФото: 2gis.kz

Бүгін Алматыда “Қайрат” пен “Ақтөбе” арасында футбол матчы өтеді. Тәртіп сақшылары жанкүйерлерді стадиондағы ережелерді сақтауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қайрат” пен “Ақтөбе” футбол командаларының кездесуінің қарсаңында полиция қызметкерлері стадион аумағында және оған іргелес аумақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап жатыр.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

“Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады”, – деді Айдын Кабдулдинов.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы ережелерді сақтауға шақырды.

“Футбол – эмоция, қолдау және өз командаңа деген адалдық. Алайда баршаға ортақ бір қағида бар: заң мен тәртіп кез келген эмоциядан биік тұрады. Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі”, – деп атап өтті полиция басшысы.
 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 10:47