Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда ауруханада дәрігерді зорлап, өлтірген ерікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Үндістандық полиция еріктісі Санжай Рой жас дәрігерді зорлап, өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оқиға былтыр Калькуттадағы ауруханада болған. Бұдан кейін елде наразылықтар басталып, жаппай ереуілдерге түрткі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Theguardian.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP

Сот Ройға өлім жазасын тағайындау туралы өтініштерді қанағаттандырмады. Себебі бұл істі "сирек кездесетін ерекше жағдайлар" санатына жатқызуға болмайды деп шешті. Қаза тапқан дәрігердің денесі 9 тамыз күні RG Kar мемлекеттік медициналық колледжі мен ауруханасының дәрісханасынан табылған. Бұдан кейін дәрігерлер бірнеше апта бойы әділдік талап етіп, жұмысқа шықпады.

Сот шешімі 20 қаңтар күні жарияланды. Судья Анирбан Дас жанама айғақтар негізінде Ройды кінәлі деп тапты. Рой өз кінәсін мойындамай, бұл істің қолдан ұйымдастырылғанын және өзіне рақымшылық жасауды сұраған. Судья, барлық дәлелдер мен жағдайларды ескеріп, бұл қылмысты "ең сирек кездесетін" деп танымады және Ройды өмір бойы, яғни қайтыс болғанға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Жәбірленушінің ата-анасы тергеу жұмыстарына қанағаттанбағандарын айтып, бұл қылмысқа басқа да адамдардың қатысы болуы мүмкін деп күдіктенді. Олар Ройға өлім жазасын талап етіп, "үлкен қастандыққа" қатысы бар барлық адамның жауапқа тартылуын сұрады.

Бұл іс бойынша 128 куәгердің тек 51-і сот процесінде жауап берді. Федералды полиция жергілікті полиция бөлімшесінің басшысын және колледж басшысын қылмыс орнындағы дәлелдерді жою және айғақтарды бұрмалау бойынша айыптады.

Медицина қызметкерлері зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етіп, наразылықтарын жалғастыра беретіндерін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, оқиға 9 тамыз күні таңертең ерте Калькутта ауруханасының 31 жастағы дәрігері ауыр ауысымнан кейін ауруханада ұйықтап қалған. Сол күні ауруханадан дәрігер әйелдің ауыр жарақат белгілері бар және жартылай жалаңаш денесі табылды. 

Полицейлер күдікті ретінде аурухана полицей-ерікті болып жұмыс істеген ер адамды тұтқындап, қылмыстық іс қозғады. Алайда қыздың ата-анасы оның топтық зорлауы құрбаны болғанын айтты. Кейін бұл іс федералдық тергеу бюросына берілді. Қылмыс 138 жылдық тарихы бар Үндістанның ең көне ауруханаларының бірі RG Kar Medical College медициналық колледжінде орын алған. Осыдан кейін Үндістан азаматтары дәрігерлерге, әсіресе әйел дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесін көтере бастады. 14 тамыздан 15 тамызға қараған түні Үндістанда әйелдердің ең үлкен шеруі өтті. Бейбіт наразылық акциясы бірнеше қаланы қамтыды. Ең үлкен шеру Калькутта қаласында өтті, оған ондаған мың әйелдер мен ерлер қатысты. Олар плакаттар, алаулар мен Үндістан туын алып шыққан.

Фото: EPA



Еске салайық, бұған дейін Қызылорданың 21 жастағы Малика есімді тұрғыны өзін Антикор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері пәтерге алдап шақырып, зорлағанын айтып шағымданды. Жәбірленуші қыздың айтуынша, ол досына қонаққа барған кезде Дарын есімді бейтаныс жігітпен танысқан. Әңгіме барысында Малика бала кезінен полицияда жұмыс істеуді армандағанын айтқан. Осы кезде Дарын "Антикорда" өзінің жұмыс істейтінін айтып, қызметтік куәлігі мен формасын көрсеткен. Желтоқсан айында Дарын Маликаны үйіне шақырып, жұмысқа орналастыру мәселесін талқылайтынын айтқан. Сондай-ақ Дарын пәтерде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Ержан есімді ағасының болатынын ескерткен. 

Талқылау