Полиция "атыраулық хакердің" алаяқтық жасауына байланысты іздеуде екенін растады

Атырау облысының полициясы өзін “атыраулық хакер” деп атап, облыстағы бір отбасының жоғалуына қатысты өз нұсқасын таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның үстінен алаяқтық дерегі бойынша төрт арыз түскен.
“2025 жылдың сәуір айында полицияға алаяқтық деректері бойынша төрт арыз түсті, соның негізінде қылмыстық іс қозғалды. Аталған іс төрт эпизодтан тұрады және Жангелдин ауылындағы бір отбасының жоғалуына қатысы жоқ. Қазір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, тергеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Атырауда жоғалған отбасының ісі: Кісі өлтірді деген күдіктінің балалары мемлекет қамқорлығына алынды
Атырау облысында тұтас жоғалып кеткен отбасының балаларын іздеу тоқтатылды
Полиция өзін “атыраулық хакер” деп таныстырған азаматтың 2025 жылдың сәуірінде Қазақстаннан кетіп қалғанын, әлеуметтік желілерде өз “тергеуін” жариялай бастаған кезде шетелде болғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалған. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.
Осы іс бойынша желіде өзін “атыраулық хакер” таныстырған ер адам жоғалған адамдардың SIM карталарын анықтап, қаржылық операциялары арқылы күдіктінің отбасының күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Кейінірек полиция атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.
Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. Полиция күдіктінің қайда екенін білетінін және жақын арада тұтқындайтытын мәлімдеді.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды