Полиция Ақтөбе тұрғындарының көшеге шықпауларын сұрауда
Ақтөбеде антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.
“Ақтөбеде антитеррорлық операция режимі енгізілді. Ойын-сауықтық орталықтар қызметі және көлік қозғалысы тоқтатылды. Азаматтардан көшеге шығып, белсенділік танытпауды сұраймыз”, – деді Сәдубаев.
“Ақтөбе облыстық ІІД-не белгісіз біреулердің “Паллада” қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны туралы ақпарат түсті. Сондай-ақ, Ұлттық гвардия орналасқан әскери бөлімдегі қару дүкеніне де шабуыл жасалғаны белгілі болды. Шабуыл кезінде “Паллада” дүкенінің сатушысы өлтіріліп, бір адам жараланған. Ал әскери бөлімде атыстан бір офицер мен бір келісім-шартпен жұмыс істейтін әскери көз жұмды. Үш әскери жараланған”, – деді ІІМ ресми өкілі.
Қазіргі таңда тұрғындар ұялы байланыстың ажырауына шағым білдіруде. Ақтөбеде орын алған атысқа қатысты нақты деректер әлі ресми өкілдер тарапынан айтылмады.