
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Әлеуметтік желіде Ақтөбе мектептерінде қылмысқа дайындалып жатыр деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті жоққа шығарып, тексеріс бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде белгісіз адамдар Ақтөбе мектептерінде қылмыс болады деген ақпарт таратқан.
“Бұл факті бойынша полиция департаменті алдын ала тергеу ісін бастады, себебі бұл терроризм туралы алдын ала жалған хабарлау болып саналады. Бұл ақпаратты таратқан адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер жақын арада анықталып, ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады”, — делінегн хабарламады.
Сондай-ақ ведомство бейнебақылау жүйесі арқылы және мектеп маңында патрульдік қызметті көбейтіп қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті. Полиция азаматтарды жалған мәліметтерге сенбеуге шақырды