Қазақстанда полиция тұрғылықты жері бойынша тіркеуді тексеру үшін пәтерлерді араламақ
Қазақстанда полиция тұрғылықты жері бойынша тіркеуді тексеру үшін пәтерлерді аралайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ortcom.kz
Ішкі істер министрлігі бұл шараның “резеңке пәтерлерді” анықтау үшін жүргізілетінін атап өтті.
"Азаматтарды бір мекенжайға жаппай тіркеуді анықтау және жолын кесу мақсатында іс жүзінде тиісті мекенжайда тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару және үй иелерін жауапкершілікке тарту мақсатында "резеңке пәтер" белгілері бар барлық мекенжайларды тексеру бойынша ішкі істер органдарына нұсқау жіберілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Полиция тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз немесе уақытша тұратындар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Қазақстандықтардан полиция қызметкерлеріне пара бермеуді сұраймыз – Ішкі істер министрлігі
Азаматтардың хабардар болуы үшін мекенжай деректерін уақытылы тіркеу және жаңарту қажеттілігі туралы SMS хабарламалар жіберіледі. Тіркеусіз тұрып жатқанына бір айдан аспаса, құқықбұзушыға ескерту жасалады. Алайда, бұл мерзімнен асқандар үшін үшін 7 АЕК (2024 жылы 25 844 теңге) айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталанса 13 АЕК (2024 жылы 47 996 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Тіркелмеген адамдарға тұруға рұқсат берген үй иелері де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірінші рет заң бұзғаны үшін үй иесіне 10 АЕК айыппұл (2024 жылы 36 920 теңге), бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін 20 АЕК-ке дейін (2024 жылы 73 840 теңге) айыппұл салынады.
Полиция тұрғылықты жері бойынша тіркеу толығымен автоматтандырылғанын атап өтті. Тіркелудің үш әдісі бар:
- бірінші әдіс – Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кез келген бөлімшесінде тіркелуге болады. Бұл жағдайда жеке куәліктің болуы жеткілікті, сонымен қатар үй иесі де сол жерде болуы қажет;
- екіншісі – "Электрондық үкімет" интернет-порталы арқылы азамат тіркеуге өтініш бере алады, ал меншік иесі келісімін береді.
- үшінші тіркеу әдісін ішкі істер министрлігі банктермен бірлесіп мобильді қосымшалар арқылы жүзеге асырды. Бұл ретте жеке басын растау, тіркеу және үй иесінің келісімі SMS пароль арқылы жүзеге асырылады.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада бір үйге тіркеуге болатын адамдар санына шектеу енгізу ұсынылған еді.