Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлерге қарсылық танытқандар 11 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Билік өкіліне қарсылық үшін айыппұл 5 мың АЕК (11 миллион теңгеден астам) дейін ұлғайды – бұл норма құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша заң жобасы аясында қарастырылған.

1065825

Фото: Елена Брежная

Заң жобасын ҚР Мәжілісінің отырысында Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель оқыды, деп хабарлайды sputnik.

Бұл нормаға депутаттар наразы болып, бірқатар сұрақтар туындады.

“Айыппұлдың күрт  өсіп кетуіне және оның жасаған іске сай келмеуіне не себеп? Және айыппұлды көрсетілген мерзімде өтемесе азаматқа қандай жаза қолданылмақ? Жұмыс топтарында депутаттар бұл түзетуге түбегейлі қарсы болған”, — деді депутат Айзада Құрманова.

Жауап ретінде бас прокурордың орынбасары депутаттың сұрағымен келісетінін айтып, “норманы ІІМ құрастырды” деп хабарлады және адам айыппұлды төлей алмайтын болса, оның орнына бас бостандығынан айырылады, 4 АЕК – 1 күн болып есептелінеді деп түсіндірді.  ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов бұл айыппұлдың антитеррорлық операциялар барысында азаматтар билік өкілдеріне бағынбаған жағдайда салынатынын ескертті.

Жіберіп алмаңыз:

Абаев Қазақстандағы барлық ауылдың қашан толық интернетке қосылатынын айтты

Ақмола облысының тұрғыны күйеуін қызын зорлады деп айыптады

Кореяға барып 2500 доллар жалақы аламыз деген жүзге жуық қазақстандық оңбай алданып қалды

Талқылау